Түркістан облысының ТЖМ қызметкерлеріне жаңа көліктер берілді
Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне жаңа көліктер берілді. Жаңа техникалар жолсыз және таулы жерлерде жедел жұмыс істеуге арналған. Әрі бұл көліктер арқылы құтқарушылар шалғайдағы аудан мен ауылдарға жылдам баруға, барлау жүргізуге және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде қажетті жабдықты жеткізуге мүмкіндік береді. Салтанатты шараға қатысқан Төтенше жағдайлар Вице-Министрі Генерал-Майор Кеген Тұрсынбаев жаңа техникалардың алдағы уақытта құтқарушылардың халық игілігі үшін сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсететінін жеткізді. Авариялық құтқару автокөлігі, толықтай заманауи құтқару құралдарымен жабдықталған.
Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор:
Біріншіден, сол құтқару жұмыстарын біздің осы Түркістан облысының тұрғындарының өмірлерін сақтау үшін, уақытында төтенше жағдай болып жатқан жерге жету үшін жол талғамайтын, тез жүретін техника керек болатын. Соны алып бүгін Түркістан облысының департаментіне бүгін тапсырдық.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02