Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті. Онда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады. Президент энергетикалық қауіпсіздік ел экономикасы үшін аса маңызды екенін айтып, қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалану қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту, сондай-ақ гидроэнергетиканың әлеуеті зор. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы аграрлық секторға және өнеркәсіп бағытында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізудің маңызын атап өтті. Саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйі де сөз болды. Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне энергетика саласындағы мәселелерге қатысты тапсырмалар жүктелді.


Бөлісу