БҚО-да спорт саласындағы «Жыл үздіктері» анықталды
Батыс Қазақстан облысында спорт саласында жыл бойы атқарылған жұмыс қорытындыланып, «Жыл үздіктері» марапатталды. «Жалын – 2025» атты тұңғыш байқауда шашасына шаң жұқтырмаған спорт саңлақтары, сала үздіктерінің есімі ұлықталды. Әуелі спорт саласындағы жетістіктер сараланды. Соңғы үш жылда өңірде 20 жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілген. Спорттық құрал-жабдықтармен қамту деңгейі 76 пайызға жеткен. Ал топжарғандар арнайы рейтинг арқылы анықталды. Жыл бойы елеулі еңбегімен көзге түскендер «Үздік жаттықтықтырушы», «Үздік спортшы», «Үздік ауыл бапкері» атанды. Спорт ұйымдары, федерациялар арасынан да озаттар есімі дараланып, кіші қызметкерлер де марапатталды.
Дархан Әнуарбеков, Тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі
спорт шебері:
«Үздік спортшы» аталымына ие болып, марапатталып жатырмын. Биылғы жыл өте табысты болды. Қазақстан чемпионы болдым, Азиядан екінші орын алдым. Өңірімізде спорт дами берсін! Осы тоғызқұмалақ ұлттық ойынымыз биіктен көрінсін! Мереке құтты болсын!
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04