Басты Жаңалықтар ҚазҰУ-да бес жаңа жатақхананың құрылысы басталды

ҚазҰУ-да бес жаңа жатақхананың құрылысы басталды

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерге арналған бес жаңа жатақхана бой көтереді. Жалпы аумағы 66 мың шаршы метрлік кешен 5 мыңнан астам орынға есептелген. Инвестиция көлемі шамамен 34 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың қаңтар айында басталып, бір жыл ішінде толық аяқталады. Тоғыз қабатты жатақханалар замануи талаптарға сай жабдықталады. Жобаны жүзеге асыруға Қытайдың құрылыс компаниясы инвестор ретінде тартылған. Салтанатты шара барысында университет басшылығы бұл жобаның студенттердің білім алуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ, жаңа кешендер өзге өңірлерден және шетелден келген тәлімгерлер үшін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешеді деп отыр.
Джан Хон Чань, құрылыс компаниясының басшысы:

Құрылыс жұмыстары барысында Қытайдың ең жаңа, озық технологиялары қолданылады. Жатақханалардың негізгі қаңқасы металл конструкциялардан тұрғызылады. Жаңа ғимараттар 9 балдық жер сілкінісіне төзімді болып, халықаралық талаптарға сай жоғары стандарт пен сапа деңгейінде салынады. 

Бөлісу