Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
1 қаңтардан бастап эпилепсияға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріледі. Инсульт алғандарға да бір жыл бойы осындай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұрын аурудың бұл түрлеріне препараттар Мәмс жүйесінің шеңберінде қарастырылатын. Жалпы, тегін дәрі-дәрмекпен жыл басынан бері 4 миллиондай науқас қамтылды. Бұл негізінен диспансерлік есепте тұрғандар. Яғни, қант диабеті, қан қысымы бар науқастар. Сондай-ақ онкологияға шалдыққандар дәрі-дәрмектің кей түрін тегін алады.
Әкім Тұрсұн, Мәслихат депутаты, №25 Қалалық емхананың директоры:
Онкологияда ең қымбат дәрілер. Химия препараттар. Бірақ Президенттің тікелей тапсырмасымен бізге, Қазақстанға жеткілікті болып тұр. Соның арқасында бес жылдық өмір сүру ұзақтығы деген ұғым бар. Бес жылда біз сол жерде жақсы көрсеткіш көрсете аламыз.
Биылғы мемлекеттік сатып алу науқаны кезінде медициналық мекемелер 1800 түрлі преппаратқа өтінім берген. Олардың жалпы сомасы 533 млрд теңге. Министрлік биыл дәрі-дәрмектің тізімін жасақтауға айрықша ден қойылды дейді. Осылайша, қоймалардағы артық препараттардың саны айтарлықтай азайып, 85 млрд теңге үнемделген.
Әсел Қыдыралиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
Бұл да бір оң көрсеткіштің бірі. Екіншіден, баға реттеудің отандық өнімді қолдау мәселесі. Маңыздысы - бұл 2026 жылы өтінім берілген препараттардың ішінде 320 дәрілік заттарға делдалдарсыз сатып алу жүргізілді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16