Басты Жаңалықтар «Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

«Теңізшевройл» компаниясы жаңа жыл қарсаңында Атыраудағы жедел жәрдем станциясына 25 жаңа көлікті сыйға тартты. Заманауи техника науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған, қажетті құралдармен толық жабдықталған. Бұл жедел жәрдем қызметінің автопаркін едәуір жаңартуға мүмкіндік бермек.
Бүгінде облыстық жедел жәрдем станциясы тәулігіне 1000-нан астам шақырту қабылдайды. Сәйкесінше техникалық база шұғыл медициналық көмек көрсетуге әркез дайын болуы тиіс. Аймақта 68 бригаданың техникалық тозу деңгейі 70 пайызға жеткен еді. «Теңізшевройл» компаниясының сыйға тартқан су жаңа 25 жедел жәрдем көлігінің арқасында бұл статистика едәуір жақсарды.
Уильям Лакоби, «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры:

Бүгінгі шара жай ғана көліктерді тапсыру шарасы емес, бұл – қоғамның денсаулығы, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруына қосып отырған үлесіміз. Біз медициналық көмек көрсету жылдамдығының адам жанын аман алып қалудағы маңызы зор екенін білеміз, сондықтан әрбір көлік заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған.
Жаңа жедел жәрдем көліктері ең алдымен облыстың шалғай елді мекендері мен ауылдары үшін ерекше маңызды. Бүгінгі игі шара «Теңізшевройл» компаниясымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының көпжылдық серіктестігінің жемісі.
Қайсар Қайратұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Санитарлық автокөліктердің арасында бізде тозу деңгейі деген мәселе бар. Жаңа көліктерге қатарға қосылғаннан кейін сол деңгей төмендейтін болады.
Бүгінгі таңда «Теңізшевройл» компаниясы дәстүрлі түрде инклюзияны, салауатты өмір салтын және тең мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін әлеуметтік бастамаларды қолдауға баса назар аударады.

Бөлісу