Алматыда қар жоқ
Арқа төсінде көктайғақ болып жатса, Алатау бөктеріндегі Алматыда күн күрт жылынды. Қалада қар жоқ. Алып шаһардағы ауа райын әріптесім Жазира Оразқызынан білейік.
Жазира Оразқызы, тілші:
Алматы Жылан жылын әдеттегіден жылы, жылымық ауа райымен шығарып салмақ. Бүгін күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін көтеріліп, шуақты көктемнің лебі сезілгендей болды. Қыс ортасында мұндай күн райы тосын көрінгенімен, табиғаты құбылмалы мегаполис үшін бұл аса таңқаларлық құбылыс емес. Синоптиктер мерекелік күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ертең - 31 желтоқсан күні кешке қарай жаңбыр жауып, күндіз ауа +7..+9°С-қа дейін жылынады. Ал Жылқы жылының алғашқы күні қандай болады? 1 қаңтарда кей жерлерде жаңбыр, қар аралас жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Әйтсе де, қарсыз қала жаңа жылдық шамдармен жарқырап, мерекелік көңіл-күйге бөленген. Ашық аспан астында думанды шаралар ұйымдастырылып, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, алматылықтарға шаттық пен ерекше әсер сыйлап жатыр.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15