Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
Жаңа жыл жақындаған сайын заңсыз пиротехника сату көбейді. Елорданың өзінде рейд барысында отшашу өнімдерінің 510 данасы тәркіленді. Мамандар мерекені әсерлі өткіземін деп, өмірге қауіп төндіріп алмауды ескертеді.
Қазір барлық өңірде пиротехника саудасы қызып тұр. Астатаның өзінде 60-қа жуық сатуға рұқсат етілген орын бар. Көбінесе ірі базарлар мен сауда орталықтарының алаңдарында орналасқан. Оның өзінде ғимараттардан, көліктер мен ағаштардан 50 метр алшақ орналасуы тиіс. Ал, жаңа жылды отшашусыз елестете алмайтын тұрғындар қауіпсіздікті ескере ме?
Көршілердікін шығып көреміз кішкентай балаларымызбен болды.Жаңа жыл сонысымен қызық дегендей, онсыз жаңа жылды елестету де қиын.Біз ауылды жерге барып атсақ па деп отырмыз, ауылды жерде ыңғайлы, ит-құстарды жолатпас үшін.
Полицейлер мен құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қайта, жыл басынан бері пиротехникадан өрт шыққан жағдай болған жоқ. Десе де, қауіпсіздік басты орында болуы керек дейді мамандар.
Мирас Қадыржан, ҚР Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
Сыртында жазылып тұрады ғой, 30 рет атылады, 30 рет атылады деп , мысалы 15 рет атылып қалса оны көзбен барып үстінен қарауға болмайды. Ақыры шықпай қалса, оны топырақпен көміп тастау керек.
Сонымен, пиротехника бұйымдарын сатып аларда нені ескерген жөн?
Мамандар кездейсоқ нүктелерден емес, арнайы дүкеннен сатып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, қораптың бүтіндігін тексеріп алған жөн. Қолданар алдында нұсқаулықты оқып, мерзімі өтпегендігіне көз жеткізіңіз. Отшашу өнімдерін үй ішінде және балконда қолдануға, қатты жел болған кезде атуға, адамдарға қарай бағыттауға, балаларға беруге және мас күйінде қолдануға болмайды. Ал, фейрверг атамын деп байқаусызда жарақат алып қалсаңыз дереу дәрігерге хабарласқан жөн. Былтыр пиротехникадан елімізде 5 бала зардап шекті.
Баймаханбет Сәдуов, №2 балалар ауруханасының травматологиялық пункт меңгерушісі:
Май, айран, жұмыртқа дегендерді жағу қажеті жоқ, кәдімгідей проточная вода дейді, салқын сумен жуып. Үстін таза бинтпен или стирильный бинтпен, любой аптекаларда сатылады сонымен орап қойып дәрігерге көрсеткен абзал.
Пиротехникалық бұйымдардың бағасы әртүрлі, мәселен осындай бингаль шырағы, бағасы 200 теңгеден басталады, бұл енді аса қауіпті емес, бірақ дегенмен де абай болған жөн және мынау - 60 мыңға дейін барады бағасы. Бірақ бұл ретте адамның өмірі, адамның денсаулығы одан да қымбат екенін естен шығармайық.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыИталиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48
Ауа райы: Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, қалың тұман
30.12.2025, 20:48