Павлодар әуежайы биыл жөнделіп бітеді
Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары биыл аяқталатын болды. Бұл мақсатқа Үкімет қайтарылған активтерден құралған арнайы мемлекеттік қордан 9,3 млрд теңге қаражат бөлді. Бұл қаржыға ұшу-қону жолағы мен перрон тұтастай жаңартылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл әуежайдағы жөндеу жұмыстары
басталғалы екінші жыл. Осы уақыт аралығында
Ертіс-Баян өңірінде ұшақ қатынасы тоқтап тұр. Қазіргі
уақытта қайта жаңғырту жұмыстарының 47 пайызы атқарылған. 5 млрд теңге игерілді. Жобаның жалпы құны 16,4 млрд теңге. Бүгінгі күні
арнайы қордан бөлінген қаржы
арнайы есепшотқа түскен. Қажетті
келісімшарттар жасалып, қазынашылық органдарда тіркелді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Республикадан түсуге тиіс қаржы өткен жылдың жаз айларында түскен жоқ. Тек қарашада берілді. Сондықтан қыс айларында жұмыс тоқтатылды. Сәуір айынан бастап қайта басталады. Бұл Павлодар әуежайы заманауи ұшақтарды ұшу салмағына қарамай шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06