Алматыда 11 мыңнан аса адам жедел жәрдем шақырған
Алматыда Жаңа жыл мерекесі күндері жедел жәрдемге 11 мыңнан аса қоңырау түскен. Оның 10 мыңына қызмет көрсету бригадалары барып қайтқан. Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, мереке күндері қалада тәулік бойы 189 бригада кезекшілік атқарып, 500-ден аса медицина қызметкері жұмыс істеген. Ең көп шақырту жаңа жыл түні тіркеліп, орталыққа шамамен 1 900 тұрғын хабарласқан. Шақыртулардың басым бөлігі тыныс алу жүйесі ауруларына, жүрек-қан тамырлары сырқаттарына, сондай-ақ жарақат пен улану жағдайларына байланысты болған. Осы кезеңде жедел жәрдем қызметкерлері 5 адамды жедел түрде реанимацияға жеткізіп, 3 әйелді үйде босандырған.
Андрей Ложкин, қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары:
Медицина қызметкерлері пиротехникадан зардап шеккендерге ерекше назар аударды. Биыл мұндай 20 оқиға тіркелді, оның 11-і балалар. Ең жасы 4-те. Он адам жедел жәрдем көлігімен стационарға жеткізілді. 7 адам өз бетінше дәрігерге жүгінсе, 3 науқас жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04