Оқушылар арасында экологиялық челлендж басталды
Алматылық оқушылар арасында экологиялық мәдениетті арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін челлендж басталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараның тағы бір мақсаты – шәкірттердің цифрлық шығармашылық дағдыларын дамыту. Қала оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» онлайн-челленджі арқылы бір-біріне электронды ашықхаттар жолдайды. Бастамаға Алматыдағы білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары түгел қатысып жатыр. Олар креативті идеяларын қосып, графика, коллаж және анимация форматтарында электронды экологиялық ашықхаттар дайындаған. Челлендж бірнеше кезеңнен тұрады. Қорытынды сайыста ең белсенді қатысушылар мен үздік жұмыстардың авторлары марапатталады.
Индира Құралбаева, Оқушылар сарайының әдіскері:
Челленджде балалар өзінің мектебінде өтіп жатқан экологиялық шараларды көрсете алады. Өзінің ашық хаттарын, тілектерін жаза алады. Бұл экологиялық шараның мақсаты – өскелең ұрпақты мәдениетті, салауатты етіп тәрбиелеу.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17