Президент парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және
Президенттің құқықтық мәселелер
жөніндегі көмекшісі
Ержан Жиенбаевпен жұмыс
кеңесін өткізді.
«Парламенттік реформа» арнайы бөлімі
іске қосылғаннан
бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық
арасынан, сарапшылардан және
қоғамдық ұйымдардан
жолданған ұсыныстар
мен бастамаларды талдау, жүйелеу
жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар
Мемлекеттік кеңесші
Президентке Ұлттық құрылтайдың жұмыс
секциялары бойынша желтоқсан
айында өткен
отырыстың қорытындылары және Құрылтайдың алдағы
бесінші басқосуына
дайындық
барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт
Тоқаев барлық
бастаманы жан-жақты
саралап, оның
негізінде конституциялық
реформаның
базалық тәсілдерін
әзірлеуді тапсырды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04