Маңғыстауда 128 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды
Маңғыстауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 128 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.
Құзырлы органның мәліметінше, азық-түлік саласындағы кәсіпкерлердің басым көпшілігі әлеуметтік маңызы бар тауарларға қойылған пайыздық үстемеақыны сақтамаған. Нәтижесінде 70 тен астам кәсіпкерге жалпы сомасы - 1 млн теңгеден асатын айыппұл салынып, 50 шақты кәсіп иесіне ескерту берілді. Сонымен қатар, делдалдық тізбектерді тексеру кезінде де бағаны белгіленген пайыздан артық қойғандар анықталған. Мамандар сауда орындарында мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Рауан Мұхаев, Маңғыстау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
Әлеуметтік маңызы бар тауарларды 15 пайыздық үстемеақыдан асырып сататын болса, міндетті түрде кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни бұның жалпы мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және мынау қымбат тауарлардың бәрін қалпына келтіріп, жалпы қолайлы ету.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02