Түркістан облысында күріш егуге тыйым салынды
Түркістан облысында биыл ағын су тапшылығын ескере отырып, күріш егуге тыйым салынды. Әсіресе Өзбекстаннан келетін Достық каналының бойында бұл дақыл мүлде егілмейтін болды. Тек Шардара ауданындағы шаруалар мен Отырар ауданындағы шаруа қожалығына 3,5 мың гектарға күріш өсіруге рұқсат берілді. Өткен жылы өңірде күріш 10 мыңнан аса гектар жерге егілген еді. Оның орнына диқандар енді бау-бақша және жүгері секілді дақылдарды көптеп өсірмек. Сондықтан егіс алқаптарын қазірден бастап, өзге дақылдарға лайықтап дайындап жатыр. Қазір Жетісай мен Мақтаарал аудандарында жерді терең қопсыту, сор шаю жұмыстары қатар жүргізілуде. Бүгінге дейін 3 мың гектардан астам алқап егіске дайындалған.
Данабек Аблатаев, Мақтарал аудандық а/ш бөлімінің бас маманы:
Күріш дақылын, яғни суды көп қажет ететін дақылдарды мейлінше аз егу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2026 жылдың егіс құрылымына күріш дақылы мүлдем берілмеуде. Орнына бақша дақылын, жүгері дақылын көп егу бойынша ұсыныс ретінде айтылып жатыр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02