Жаңа Салық кодексін кәсіпкерлерге кеңінен насихаттау қажет
Жаңа Салық кодексін кәсіпкерлерге кеңінен насихаттау қажет. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырауда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде айтты. Былтыр қабылданған бұл реформаның төңірегінде әртүрлі күмән мен көптеген сауал туындағаны рас. Осыған орай «Ақжол» партиясының атынан 100-ден аса түзетулер ұсынылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та кешегі «Turkistan» газетіне берген сұқбатында: «Кодексте бақылау жасауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі», - деп айтқан еді. Енді кәсіп иелері аталған реформаны бүге-жүгесіне дейін түсініп, әрі қарай сол арқылы жұмыс істеу жайын ойластыруы керек.
Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кәсіпкерліктің ішінде қосымша салық төлеушілер бар ҚҚС және қосымша жеңілдетілген салық нормасы бар. Сол екеуінің ортасында ешқандай байланыс жоқ. Бүгінгі күні кәсіпкерлер әрі қарай қалай жұмыс істеп кететіндерін көбі түсінбеген. Енді кәсіпкерлердің осы жолға жаңа Салық кодексіне бейімделіп кетуіне көмек жасауымыз керек.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17