Түркістан облысында заңсыз салынған 21 нысан бұзылады
Түркістан облысында заңсыз салынған 21 нысан бұзылатын болды. Оның ішінде 16 ғимараттың иесі нысанды өз қаражаты есебінен бұзады. Бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшылығы мәлмеді. Сала мамандарының сөзінше, бұрын салынған 469 құрылыс нысанында түрлі заңбұзушылықтар анықталған. Бірқатарында құжаттары дұрыс рәсімделмесе, енді бірі заң талаптарын орындамаған. Осылайша құрылыс иелеріне 325 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Өңірде сондай-ақ шекара аумақтарында, демалыс және рекреациялық аймақтарда өз бетінше құрылыс салуға қатаң тыйым салынды. Сонымен қатар заңсыз құрылысқа дер кезінде тосқауыл қоймаған лауазым иелері бұдан былай қатаң жазаланбақ.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17