Зейнетақыдан ЖТС ұсталмайтын болды
Енді қазақстандықтардың зейнетақысынан жеке табыс салығы ұсталмайды. Бұған дейін барлық зейнетақы төлемдеріне 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынатын. Сондай-ақ бұған дейін салық төлегендерге қаражат кері қайтарылмайды. Ал әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін 882 айлық есептік көрсеткішке дейін салықтық шегерім жасау құқығы сақталады. Сонымен қатар, азамат Қазақстан резиденті болмаса, жеке табыс салығын төлеуге міндеттеледі.
Гүлнұр Ақайдарова, «БЖЗҚ» АҚ төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің басқарма басшысы:
Жаңа жылдан бастап, жеке табыс салығы тек қана Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ғана салынатын болады. Сондай-ақ 2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалану кезінде кейінге қалдырылған салық міндеттемелері толығымен жойылады.Айта кететін жайт, жаңа салық кодексінде бұрын ұсталған және төленіп қойған ЖТС-ны кері қайтару көзделмеген.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03