Алматыда өрт сөндіру бекеті салынып жатыр
Алматыда заманауи өрт сөндіру бекеті салынып жатыр. Іргетасы былтыр қаланған нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Мәжіліс депутаттары Наурызбай ауданындағы ғимараттың құрылыс барысымен танысып қайтты. Жаңа кешенде 90-ға жуық маман еңбек етеді. Өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін 18 пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сөзінше, бұл аймақта өрт сөндіру кешеніне бұрыннан тапшылық болған. Нысан іске қосылса, ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу жеңілдей түседі.
Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:
Оның ерекшелігі 6 машина емін-еркін сыятындай. Кем дегенде 20-25 этажға дейін жететін баспалдағы болатын техника алынады деп жатыр. Осы құрылыс және тағы жер бөлініп жатыр. Ол жерден де осындай бекет салынады. Сонда осы Наурызбай ауданы толық қамтылатын болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17