Сырғанақта қауіпсіздік ережелері сақтала ма?
Соңғы 1,5 айда Астананың травматологиялық пунктеріне 6 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың арасында сырғанақ пен мұзайдынада жарақат алған балалар мен ересектер бар. Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн? Әріптесімнің бейнематериалында.
Қыс басталғалы Астанадағы таравматологиялық пунктерге 6 мыңнан аса адам жүгінген. Зардап шеккендердің 2 мыңға жуығы балалар. Дәрігерлер әсіресе қыс кезінде жарақат алғандар көбейеді дейді. Себебі, сырғанақтар мен мұз қалашықтарында қарапайым қауіпсіздікті сақтамайтындар көп.
Марат Бейсенов, Мұз қалашығының әкімшісі:
Жас балаларға қызық па білмеймін. Көлемі үлкен ғой парктің. Болмайтын жерден түсіп қалады. Талға соғылады. Біздің сырғанақтағы құтқарушылар үйренген. Бәрін сақтаса ештеңе болмайды.
Астанада 57 сырғанақ пен мұз қалашығы бар. Мамандардың есебінше, біреуіне тәулігіне 500-ге жуық адам келеді. Мереке күндері тюбинг пен коньки тебетіндердің саны екі-үш есеге артады. Мұз қалашықтардағы жауаптылардың айтуынша, қауіпсіздік ережелерімен танысып шығу туралы ескерту ілінген.
Қала тұрғыны:
Балаларымыз сырғанап жатыр ғой. Ескерту жасаймыз ғой, әрине. Кез келген ата-ана ескерту жасайды балаларына.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Сырғанақтар мен мұз айдындары тұрғындардың қысқы демалысты қызық әрі пайдалы ететіні белгілі. Дегенмен қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Сағат тіліне қарсы қозғалу керек. Қарсы бағытта жүрсеңіз, басқа адамға соғылып қалуыңыз мүмкін. Көбі мұзайдынға отбасымен келетіндіктен, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, Қауіпсіздік үшін арнайы арнайы бас киім, тізеқап пен шынтаққаптар бар. Ал конькиді алғаш теуіп жатқандарға нұсқаушы маманның сабағын алуға кеңес беріледі.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02