Атырау облысындағы оқиға: Күдікті іздестіріліп жатыр
Атырау облысы Қызылқоға ауданында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты марқұмдардың күйеу баласы күдікті ретінде іздестіріліп жатыр. Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетіп, апта ішінде отағасы мен әйелінің мүрдесі ауладағы сарайдан табылған еді. Ал 33 және 35-тегі екі ересек баласынан хабар-ошар жоқ.
Анау «хакерге» қатысты құқық қорғау органдары оның айтқанының бәрі жалған деп отыр. «Таратқан мәліметтері - ресми органдардың түзген ақпары. Профильді және техникалық мамандар байланыс операторлары басқа уәкілетті ұйымдардан заң аясында ақпарат алған. Әлгі азамат сол деректерді пайдаланып отыр», - деді.
Бүгін мынадай ақпарат шықты: Атырау қаласының маңындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ықтимал күдікті тұрған Геолог ықшамауданында жүргізіліп жатқан тексеріске полиция мен Ұлттық ұланның шектеулі саны жұмылдырылған. Учаскеде жылжымалы штаб орналастырылған.
Бұл отбасының жоғалғанын айтып, туыстары желтоқсанда полицияға арызданған. Отбасы айдан аса уақыт байланысқа шықпаған...
Қойылатын сұрақ мынау - учаскелік инспектор ауылда не болып жатыр, адамдардың үйлерінің түтіні түзу ме, түтіні бар ма деп қарамай ма?..
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15