Астанадағы бастауыш сыныптар қашықтан оқитын болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран тұрды. Синоптиктердің болжамынша күн суытады. Қазір Астанада күн райының нашарлауына байланысты кейбір сыныптар онлайн оқуға көшті. Шығыста да қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Әріптестерім тікелей эфирге шығып тұр. Алдымен елордадағы күн райын Асылбек Данияр жеткізсін. Асылбек, эфирдесің.
Асылбек Данияр, тілші:
Айнұр, елордада күн райының нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан, яғни үйде оқиды. Ал мектеп таңғы ауысымда оқитын оқушыларды үйлеріне қайтарып жатыр.Астанада түннен бері тоқтаусыз қар жауды. Әкімдіктің баспасөз өкілдері көшелерді қардан тазарту үшін коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Осы уақытқа дейін қаладан 18 мың текше метр қар шығарылған.«Қазгидромет» өкілдері апта соңына дейін аяз болатын хабарлады. Кей күндері қар жауып, боран соғады. Сынап бағынасы түнде 34, күндіз 22 градусқа дейін төмендейді.Қазір елордаға кіретін және шығатын жолдың бәрі ашық. Ал әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ұшып келетін 4 рейс кешіктірілген.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00