Ақтөбеде сотталғандар босап шықты
Ақтөбе облыстық сот алқасы мектеп оқушысының өліміне кінәлі деп танылғандарға кесілген жазаны өзгертті. Сотталғандар бостандыққа шықты. 2024 жылдың қыркүйегінде Темір ауданында 14 жастағы Нұржан Сыдықты жоғары сынып оқушылары ұрып-соққан. Салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды. Айыпталушылар қатарында 10, 11-сыныпта оқитын 6 жасөспірім болды. Бұл іске қатысты сот үкімі 2025 жылдың қазан айында жарияланды. Айыпталушылардың үшеуіне 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал қалған үшеуі 6 жыл 8 айға бас бостандықтарынан айрылды. Дегенмен екі тарап та үкімге шағым түсірді. Облыстық сот кінәлі деп танылғандарға кесілген жазаны өзгертті.
Жансая Таирова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Сотталғандардың кәмелетке толмағандығын, кінәсін мойындағанын, іс-әрекеттерге өкінгендігін, жәбірленушімен медиациялық келісім жасалғандығын және сотталғандардың жазасын жеңілдетуді сұраған жәбірленушінің өтініш жасағанын ескере отырып, сот алқасы шартты түрде жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02