Шекарадағы үш ауыл кеңжолақты интернетке қосылды
Шығыста шекарада қоныстанған Шілікті, Жалшы және Тасбастау ауылдары кеңжолақты интернетке қосылды. Бұл мемлекет басшысының шалғайдағы елді мекендерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Бұрын интернет болмағандықтан бір анықтама үшін тұрғындар аудан орталығы Зайсан қаласына сабылатын. Бұл өңірдегі ауылдардың бәрі ауданнан 60-70 шақырым таулы жерде қоныстанған. Сондықтан тұрғындар көктем мен күзде жол азабын да тартып келген. Тек былтыр Зайсан қаласы мен Шілікті ауылы арасындағы 65 шақырым жолға да асфальт төселді.
Аманкелді Рахимов, Шілікті ауылының тұрғыны:
Интернетті бұл көптен бері армандағамыз. Осыдан 5-6 жыл бұрын осының ізіне түсіп,талай табалдырықты тоздырып тәуір артынан жүгірдік. Халық қуанып жатыр. Мектептегі оқушылар да, қарпайым халық та. Барлығы қызметтегілер.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Бүгінгі күні 357 ауыл болса, облыс халқының 98 пайызы интернетпен қамтамасыз етілген. 14 осындай мұнаралы антена қондырғылар орнатылған. Цифрлық технологияларды жасанды интеллектіні үш жылда біз осындай елге айналуымыз керек деп президентіміз алдымызға тапсырма қойып отыр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03