Ақмола облысында оқушылар экологиялық ойынға қатысты
Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үш мектептің оқушылары арасында интеллектуалды ойын өтті.
Топқа бөлініп жарысқан оқушылар экология бағытында интеллектуалдық сұрақтарға жауап бере отыра, табиғатты қорғау бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Яғни, қоқысты бөлектеп жинау және экологиялық таза технологияларды пайдалану мәселелерін қозғады. «Табиғат жолбасшысы» ойынының басты мақсаты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру болды, - дейді ұйымдастырушылар.
Флорентина Келлер, №2 Балкашино орта мектебінің директоры:
Біздің мектепте экология мәселелеріне үлкен мән беріледі. Сондықтан бұл бір реттік акция емес. Оқушылар сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта экология мәселелерін зерттеп, зерделеп жүреді. Түрлі жобалар қорғаумен қатар сенбіліктерге, ағаш отырғызу сияқты экологиялық акцияларға белсенді қатысады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02