Кәсіпкерлерге арналған реестрге тіркеу 31 қаңтарда аяқталады
Отандық тауар өндірушілер онлайн реестрге 31 қаңтарға дейін тіркеліп үлгеру керек. Әйтпесе лицензиясынан айырылуы мүмкін. Енді мемлекеттік қолдау да тек аталған тізімге тіркелген кәсіпкерлерге көрсетіледі. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін де жүйеге тіркелу шарт. Реестрге e-ondiris сайты арқылы кіруге болады. Онда өндіріс орныңыздың бар екені туралы құжатты тіркесеңіз жеткілікті. Қалған деректерді жүйе базадан алып, автоматты түрде жүктейді. Тізімге енген кәсіпкерлерді құзырлы органдарға мониторинг жүргізіп отырады.
Айдын Рақымжан, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің департамент директоры:
Осылайша мемлекеттік көмек шынында өндіріс орны бар кәсіпкерлерге ғана көрсетіледі. Айта кету керек, жаңадан өндіріс орнын ашқан кәсіпкерлер реестрге кез келген уақытта тіркеле алады. 31 қаңтарға дейін деп отырғанымыз - бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қатысты.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17