Заңсыз онлайн-лотерея өткізген 121 жеке тұлға жазаланды
Әлеуметтік желіде көпшілікке танымал инфлюенсер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Ол Қазақстанда тыйым салынған құмар ойындарын жарнамалады және онлайн-лоторея өткізді деген күдікке ілінген. Былтыр елімізде осындай айыппен 100-ден астам жеке тұлға жазаланған еді. Сонымен ережені елемей, заңды белшесінен басқандарға қандай жаза қарастырылған?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Өткен жылы Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті хабарлады. Ведомствоның дерегінше, заң бұзғандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған. Яғни 432 мың теңге айыппұл арқалаған. Алайда жауапқа тартылатынын біле тұра ережені елемейтіндер көп. Мәселен, контенттері үнемі шетелде түсірілетін, танымал блогер Қайсар Қамза құмар ойындарын жарнамалады және онлайн-лоторея өткізді деген күдікке ілініп, іздестіріліп жатыр. Айта кету керек, заңға бағынбаған жеке тұлғалар 100, ал шағын кәсіпкерлер 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде осындай құқықбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға 200, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 750 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылықтан түскен табыс толықтай тәркіленеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03