Елде 8,5 мың медициналық қызметкер тапшы
Ел ішінде 8,5 мың медицина қызметкері тапшы. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 мың дәрігер, 4 жарым мыңдай медбике жетіспейді. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарында маман аз. Өйткені бұл өңірлерде медициналық университеттер жоқ.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатр, анестезиолог, хирургтар жетіспейді. Сонымен қатар, бізде ауыл мен қаланың арасындағы немесе аудандардың арасында дисбаланс бар. Ауылдық жерлерде жетіспейтін болса, қалада жеткілікті деуге болады.Дегенмен бұл мәселе бірте-бірте түзеліп келеді, дейді Тимур Сұлтанғазиев. Кадр ташылығы бір жылда 20 пайызға азайған. Былтыр медициналық оқу орындарын аяқтаған түлектердің саны 10 мыңнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оның жартысы аспирантураға түсіп, оқуын жалғастырса, қалғаны жұмысқа орналасқан. Алдағы жылдары да дәл осылай болса, кадр тапшылығы мәселесі түбегейлі шешіледі, дейді мамандар.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05