Ресейде сатылатын көлік азайып кетті
Былтыр Ресейде автокөлік сатылымы 15%-ға төмендеді. Басты себеп утильалымның өсуі, экономикалық тұрақсыздық пен халықаралық санкциялардың әсері. Бір жылда тек 1,4 миллионнан астам автокөлік сатылды, бұл соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Сырттан тасымалданатын көлік саны да отыз пайызға азайған. Ал барының құны 200 пайызға дейін қымбаттады. Отандық автозауыттар бөлшектер жетіспей, шикізат құны өскендіктен өндіріс күшін азайтуға мәжбүр болған, көлік сапасы да төмендеді. Тек бір айда ресейлік 33 мың Lada Granta көлігінен ақау табылып, зауытқа қайтарылған. Сондай-ақ 40 мыңға жуық АвтоВАЗ және Lada маркалы көліктері де жарамсыз деп танылған.
Андрей Каменский, сарапшы:
Қытайдан әкелінетін көліктердің де саны күрт қысқарды. Бірнеше жыл бойы Ресей нарығында қытайлық көліктер көбейген еді. Яғни қазір экспорттық көлік 10 пайыздан аспайды. Сондықтан да баға шарықтап кетті. Алдағы уақытта қымбаттамаса, арзандамайды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17