Бозжыра шатқалына қарай жол салына бастады
Маңғыстауда Бозжыра шатқалына баратын жолдың құрылысы басталды. Жобаға 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Аймақтағы ең танымал туристік нысандардың бірі саналатын Бозжыра шатқалына дейін ұзындығы 13,2 шақырымдық жол салынбақ. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, аталған туристік аймақта 2 визит-орталықтың құрылысы да жүріп жатыр. Соның бірі алдағы туристік маусымға дейін пайдалануға берілмек.
Санат Төкенов, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары:
Бозжыра шатқалына туристердің, не болмаса, жалпы былай халықтың баруы өте қиын болатын. Ол жерге жол талғамайтын көліктермен ғана баратын. Жолдың құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жеңіл көліктермен де баруға мүмкіндік туады. Бұл облыста туризмді дамытуға өзінің оң септігін тигізеді деп есептейміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17