Мәжіліс депутаттары тоқыма өндірісін сыртқы нарықтан қорғауға мүдделі
Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Шымкент қаласындағы тоқыма фабрикасының жұмысымен танысты. Кәсіпорында толық өндірістік цикл жолға қойылған. Мәжілісмендердің айтуынша, бұл жоба импортқа тәуелділікті едәуір азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Жылына 50 миллион жұпқа дейін шұлық шығаратын зауыт ішкі нарықты қамтып, өнімнің 90 пайызын экспортқа бағыттайды. Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен іске асып, 6,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінде мұнда 500 жұмыс орны ашылған. Сапар барысында депутаттар көтерілген ұсыныстарды тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыратындарын жеткізді.
Данабек Исабеков, Мәжіліс депутаты:
Қытайдан кіретін осындай шұлықтар қара нарықпен кіріп жатыр, реализацияға беріп жатыр, дейді да. Оларды сақтандырып мысалы. Біз де солай жасай аламыз деп жатыр бұл кісілер. Ертең барғаннан кейін біз осы мәселені көтеретін боламыз. Қара нарықта қалай кіріп жатыр. Бұның маркировкасын тексеру керек дейді. Оны тиісті органдарға сауал жолдаймыз. Тексеріліп жатыр ма дегендей.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06