Теміртауда көпқабатты 40 үй жылусыз қалды
Қарағанды облысы Теміртау қаласында жылу желісінде апат болып, 40-тан астам тұрғын үй мен біренше нысан жылусыз қалды. Өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы оқиға орынынан бізбен тікелей байланыста. Жандос, қазіргі жағдай қалай? Жылу берілді ме?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Біз қазір Теміртаудағы жылусыз қалған 8 ықшамауданда тұрмыз. Мұнда кеше кешкісін ескі құбыр жарылып, 40 шақты көпқабатты тұрғын үй, ондаған жеке үй және бірнеше бизнес нысан жылусыз қалған. Тұрғын үйлердің ішіндегі жылу желілері бүлінбеген. Мамандар апат орнында түнімен жұмыс істеп, ақауды жойды. Жылусыз қалған әлеуметтік нысан жоқ. Аурухана, мектеп, балабақшалар күндегінше жұмыс істеп тұр.Мамандардың айтуынша, ескі құбыр 1970 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда жылу трассасы қайта суға толтырылуда. Тұрғын үйлерге бірнеше сағаттан кейін қалыпты түрде жылу беріле бастайды дейді жауаптылар. Біз бұл жайтты назарда ұстаймыз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03