ЖИ-дің көмегімен қылмыс анықталды
Павлодарда жасанды интеллект 13 жастағы балаға жасалған зорлықты әшкереледі.
Оқиға психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған
орталықта болған. Күзетші аутизммен ауыратын жеткіншекке күш көрсеткен. Ақылды
жүйе орталық қызметкерінің соққысын таспаға түсіріп, құқық қорғау органына
белгі берген. Бұл прокуратура іске қосқан жасанды интеллект жүйесінің екінші
рет қылмысты анықтауы. Бұған дейін балаға зорлық-зомбылық жасаған санитар жұмыстан
қуылып, жазаланған еді.
Төребек Қалжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Бейнебақылау камераларына адамдардың мінез құлқын бағалайтын және агрессия белгілерін анықтайтын жүйе енгізілген. Нәтижесінде 2025 жылдың 30 желтоқсанында жасанды инеллект облыстық психоневрология орталығында 13 жастағы баланы күзетшінің ұрып-соғу фактісін анықтады. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп полиция тергеп жатыр. Жоба іске қосылғаннан бастап бұл балаларды ұрып-соғуды анықтаудың екінші жағдайы.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17