Кино нарығын кешенді тексеру керек
«Кинотеатрлар фильм өндірісіне кеткен шығын толық қайтарылмайынша, кассалық түсімнен үлес алуға тиіс емес». Бүгін депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің жалпы отырысында осылай деді. Оның айтуынша, ірі кинотеатр желілері прокаттың алғашқы күнінен бастап кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алып алады. Ал режиссерлер мен продюсерлер қысымнан қауіптеніп, бұл мәселеге ашық үн қата алмайды. Депутат мұндай ахуал қазақстандық киноиндустрияны тұншықтырып отыр дейді. Салдарынан елімізде негізінен тек коммерциялық комедиялар түсіріліп, тарихи, мәдени, әлеуметтік маңызы бар салмақты туындылардың азаюына әкеліп отыр.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі таңда қазақстандық кинонарықты санаулы ғана «таңдаулы» топ бақылап отыр. Kinopark пен Kinoplexx елдегі барлық кинозалдың шамамен 40 пайызын бақыласа, Chaplin және Cinemax желілері ірі мегаполистерде үстемдікке ие. Бұл әділ бәсеке емес, ашық монополиялық саясат. Осыған байланысты кинотеатр желілерінің өздерінің үстем жағдайын пайдалана отырып, кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз алу фактілері бойынша кешенді тексеру жүргізуді сұраймыз.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06