Саяси науқандарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Елде саяси науқандарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Бүгін Сенат депутаттары бірлескен комиссия құрамын бекітеді.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Жаңа заң саяси науқан кезінде ашықтық пен әділдікті нығайта түсуді көздейді. Мәселен, енді кандидат өзін бір мезетте бірнеше сайлау округінде ұсына алмайды. Бұрын бірден 2-3 округте көп дауыс жинаса, тек бір мандатты таңдайды да, қалғаны бос қалатын еді. Сосын сол бос орындар үшін қайтадан сайлау өтеді. Яғни, саяси науқан созылып, күрделеніп кететін.Бұдан бөлек, енді арнайы қор құрылады. Бұл тек әкімдерді сайлауға қатысты. Қалай екенін түсіндірейін. Үгіт-насихатқа, яғни плакат, баннерлерге кандитттардың өз қалтасынан ақша шығаратыны белгілі. Бұрын қай кандидаттың қанша ақша жұмсағаны ашық көрінбейтін. Демек, қалталы азаматтар дауысты басқалардан көбірек жинауы мүмкін еді. Ал арнайы қор құрылғаннан кейін үгіт-насихатқа тек сол қорға салынған қаржы жұмсалуы тиіс. Әділетсіздікке жол бермеу, кандидаттардың барлығы қаржыны бірдей көлемде қаржы шығаруы үшін қаражаттың шекті сомасы бекітіледі.Міне, осындай өзгерістерді қамтитын заңды талқылау үшін Сенат пен Мәжіліс бірлескен комиссия құрамын бекітуі керек. Төменгі палата кеше өз құрамын жасақтады. Атап айтсақ, дауыс беру қорытындысы бойынша Марат Бәшімов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ енгізілді. Ал бүгін комиссияда Сенат тарапынан кімдер болатыны бекітіледі.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05