Атырауда көктайғақтың кесірінен 200-ге жуық адам зардап шекті
Еліміздің бірқатар өңірінде аяз күшейді. Салдарынан білім ошақтары онлайн форматқа ауысып, жол жабылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Соңғы екі күнде 200-ге жуық адам көктайғақта тайып құлап, дәрігерге жүгінген. 15 тұрғын стационарға жатқызылып, 25 адамға амбулаториялық ем тағайындалған. Қалған азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліпті. Қалада бір түннің ішінде 31 жол апаты болған, 7 адам жарақаттанған. Сондай-ақ әуежайда Алматыға ұшпақ болған ұшақ жолақтан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, ұшақ діттеген жеріне жетті. Ал қала ішін қардан тазартуға 30-ға жуық техника мен 150 адам жұмылдырылған. Бүгін 71 мектептің оқушылары онлайн форматта оқыды. Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасына дейінгі жол жабық тұр.
Қостанай облысында
аяз күшейіп, көлік қатынасы шектелді
Мадина Нағашыбай, тілші:
Қостанай облысында да екі күннен бері балалар қашықтан оқып жатыр. Тек бүгін Рудный қаласы мен облыс орталығындағы екінші ауысымның оқушылары ғана мектепке барып оқыды. Алайда ертең де аяз көтерілсе, онлайн формат жалғасады. Сонымен қатар Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында да балалар қашықтан білім алып жатыр. Қатты аязға байланысты өңірлерде республикалық маңызы бар жолдардың кей бөліктерінде дизелді және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді. Ал Қостанай облысында кешелі бері көктайғаққа байланысты жабық тұрған Арқалық-Торғай, Әулиекөл-Жалдама бағыттары қазір ашық. Синоптиктер мұндай аяз келесі апта да жалғасатынын айтады. Сондықтан мамандар алыс сапарға сайланып шығуға кеңес береді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16