Маңғыстауда автобус құлап, 4 адам қаза тапты
Маңғыстауда Ақтау – Бейнеу автожолында автобус жол апатына ұшырап, 4 адам қаза тапты. Тағы 17 адам ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлікте 50 жолаушы болған. Аймақтағы тілшіміз Аягөз Оралбайқызы тікелей эфирге қосылды. Аягөз, зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр, жол көлік оқиғасы түнде, сағат 01-30 шамасында болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус жол жиегіндегі орға құлаған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы 13 жолаушы травматологиялық бөлімде ем алуда. Ал, қалғандары үйлеріне жіберілген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02