Өзбекстанда қазақстандық компаниялар көбейіп келеді
Өзбекстанда кәсіп ашқан қазақстандық компаниялардың қатары артып келеді. Отандық инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны бүгінде 1200-ге жеткен. Басым бөлігі сауда, өнеркәсіп пен құрылыс саласында. Бұл - екі мемлекет арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Бизнес өкілдері байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Әсіресе азық-түлік өнімдері айналымының үлесі басым. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы байланысты арттыра түсу көзделген. Агроөнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларға ендігі жерде жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әсіресе бидай мен ет-сүт өнімдерін өңдеу мәселесі өзекті.
Иброхим Абдурахмонов, Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі:
Екі ел арасында сауда-саттықты арттыру үшін инвестициялық жобаларды қолға алып жатырмыз. Өзара тәжірибе алмасудың тиімділігі көп. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда екі мемлекетте де жеткілікті ресурстар бар. Мүмкіндіктерді біріктіру арқылы аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17