Парыгино ауылында ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті
Шығыстағы Алтай ауданы Парыгино ауылында аяздың күші рекордтық көрсеткішке жетті. Соңғы үш тәулікте осы маңдағы елді мекендерде түнде термометр бағаны -51-53 градусты көрсетті. Өңірлік «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде аяз одан әрі қаһарына мініп, күшеюі мүмкін екенін хабарлады. Дегенмен жергілікті тұрғындар мұндай аязға үйренгенін айтады. Бұл ауыл аудан орталығы - Алтай қаласынан 30 шақырым жерде. Округ халқының саны - 905 адам, оның 833-і елді мекеннің өзінде тұрады. Әлеуметтік мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.
Ғани Төлеков, Парыгино ауылдық округінің әкімі:
Жергілікті ауыл тұрғындары біледі. Ауылда 7 ай қыс болады. Сондықтан жаз кезінде қысқа дайындайды отын-көмірді. Ауылда тұратын қарттарымыз бар, оларда әлеуметтік көмекшілері бар. Олармен хабарда отырмыз. Әкімшілікте WhatsApp топ құрылды. Тәулік бойы кезекшілік өткізіп, коммуналдық қызметтер жұмысын істеп жатыр. Жолдар бар, аурухана бар. Дүкендер істеп тұр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28