Алматыда көлік кептелісі 10 балға жетті
Алматыға қалың қар түсіп, ауа райы күрт суытты. Салдарынан мегаполисте көлік қозғалысы қиындап, 10 балдық кептеліс болды. Жол-көлік апаттары да жиілеген. Көктайғақтың алдын алу үшін коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Алматыдағы ахуалды Нұрдәулет Сыздық жеткізеді.
Қалың қар қала тұрғындарының қозғалысын қиындатты. Алып шаһарда ұзын-сонар кептеліс. Салдарынан қоғамдық көліктер уақытынан кешігуде. Такси бағасы да айтарлықтай өскен. Ал жаяу жүргіншілер жолы үздіксіз тазаланғанымен, қайта қар басып қалып жатыр.
Есбол Күребай, қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:
Қар жауған кезден бастап жол төсеміне арнайы реагенттер себу жұмыстары басталады. Жаяу жүргінші жолдарын, таулы-қыраттардағы, өрлі-еңісті аймақтарды тазалап жатыр. Тұрғындардың көп жүретін аймақтарда жұмыс қыза түседі.Ал синоптиктердің болжамынша, апта соңына дейін қар жауады. Күн райы салқындап, көктайғақ пен тұман болады. Қалың қар түсуіне байланысты мамандар тұрғындарға ұзақ жолға шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ балалар мен қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді ескертіп отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02