Ұлттық құрылтай – қоғамдағы өзекті шешімдердің алаңы
Қызылордада ұлттық құрылтайдың екі секциялық отырысы аяқталды. Бүгінгі жиындарға 100-ден астам құрылтай мүшесі қатысып жатыр. Қазір әріптесім Оңғар Алпысбайұлы бізбен тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Оңғар, панельдік секцияларда қандай мәселелер көтерілді?
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Иә, Қонысбек, түске дейін әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым секциялары өтті. Ал, түстен кейін азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары бойынша секциялар жоспарланған. Түске дейінгі жиындарда айтылған ауқымды мәселелерді жиынға қатысқан Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Раиса Сайран Қадырдан сұрап білейік. Раиса ханым, Сізге жақын тақырып, кітап мәселесінен бастасақ. Бұған дейінгі құрылтайларда ұлттық кітап күні белгіленді, ал былтыр Бурабайдағы жиында кітап индустриясын көтеру үшін ұлттық жоба құру керек деді.
Раиса Сайран Қадыр, Ұлттық құрылтайдың мүшесі:
Иә, көтерілген мәселелердің бірі де ескерусіз қалмайды. Барлық ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады. Бүгінге дейін өткен төрт құрылтай отырысының қорытындысы бойынша барлығы 26 заң қабылданған. Тағы 10 заң жобасы қазір Парламенттің қарауында. Мәселен тұрмыстық зорлық-зомбылық, есірткіге қарсы күрес, вейпке тыйым мәселелері, «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», еңбек адамы тұжырымдамалары да осы құрылтайда көтерілген. Сондықтан ұлттық құрылтай қоғамдағы мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынатын маңызды алаң деп нақты айта аламыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00