Ыстанбұлда қалың қар жауды
Түркияның Ыстанбұл қаласында қалың қар жауып, көлік қозғалысы қиындады. Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше таңғы уақыттарда мегаполисте көлік кептелісі 85 пайызға жеткен. Ыстанбұлдағы қолайсыз ауа райы туралы толығырақ Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік. Айдос сөз өзіңізде.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек! Бұл қар биыл Ыстанбұлға түскен алғашқы қар десек те болады. Себебі қыс басталғалы алып мегаполистің тек шеткері аудандарында ғана шамалы қар жауған еді. Ал қаланың барлық жерінде осындай қалың қар жаууы биылдыққа бірінші рет. Тіпті соңғы үш жылда дәл мұндай қалың қар жаумаған болатын. Қысы жылы Түркияда қар жауса тұрғындар әбден әбігерге түседі. Себебі қар күрейтін арнайы техника аз, көліктерде қысқы дөңгелек болмайды. Сондықтан жолдарда кептеліс көбейіп, көлік апаттары да артады. Осыны ескеріп, Ыстанбұл губернаторының шешімімен бүгін қалада мотоциклдер мен жүк көліктерінің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек Ыстанбұлдан ұшатын ондаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Және Босфор бұғазы арқылы кемелердің жүруіне де тыйым салынды. Университеттер мен колледждерде сабақ тоқтатылды. Ал мемлекеттік қызметте істейтін мүгедектігі бар адамдар мен аяғы ауыр әйелдердің жұмысқа шықпауына рұқсат етілді. Синоптик мамандар қар бүгін күні бойы жауатынын айтты. Ал қалың қардың жаууына балалар қатты қуанды. Себебі мектептерде қазір каникул болғандықтан олар қар атысып, аққала жасап қыстың қызығына тоймай жүр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02