Ұлттық құрылтай: Бүгін қандай мәселелер талқыланды?
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күні аяқталды. Төрт бағыт бойынша елдік мәселелер көтеріліп, секция отырыстарында жаңа бастамалар айтылды. Құрылтай мүшелері талқылаған мәселелердің бір парасын әріптесім Әділбек Серікұлы тарқатады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Алты Алаштың басын қосқан Қызылордадағы алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі келді. Әр өңірден келген өкілдер елдің аманатын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқы таразысына салды. Әрбір ұсыныс-пікір хатталып, шешу жолдары қаралады. Өйткені бұған өткен Құрылтайда көтерілген мәселелердің нәтижесі айқын дәлел.
Ермұрат Бәпи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі:
Бурабайдың құрылтайында 10 заң қабылданды. 70-ке жуық іс-жоспар жасалды. Одан кейін ең бастысы ішкі саясат қағидаттары жөніндегі, өңірлерді дамыту жөніндегі концептуалды құжаттар қабылданды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жалпы, елімізде Ұлттық құрылтай бастау алғалы азаматтық қоғамның рөлі де арта түсті. Яғни Президенттің халықтың үнін еститін Үкімет қағидасы көрініс тапты. Мәселен, даңқты балуан Ислам Байрамуков осымен бесінші Құрылтайға қатысып, спорт саласындағы түйткілдер мен қоғамның дертіне айналған мәселелерді ашық айтып келеді.
Ислам Байрамуков, «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі:
Осы ипподром мәселесін көтерген мен болатынмын. Одан кейін лудомания мәселесін Түркістанда көтердім. Бүгін осы жерде қазіргі қосымша дейді - интерфейс, уордфейс деген. Соның мәселесін көтердім. Қаншалықты заңды түрде енгізіліп жатқанын көтердім. Осы Ұлттық құрылтай диалогтық алаң деп шын мәнінде атын ақтайды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Биылғы құрылтай өзгерістер мен батыл қадамдарға бастайтын жиын болмақ. Қазақ қоғамы ертең Президент қатысуымен өтетін пленарлық отырыста мемлекет дамуына серпін беретін реформалардың жалғасын күтеді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16