Парламентті Құрылтай деп атау ұлттық ерекшелігімізді көрсетеді
Парламентті «Құрылтай» деп атаудағы ұсыныс - біздің ұлттық ерекшелігімізді көрсетеді. Ежелден маңызды мәселелер Құрылтайда талқыланған. Қабылданған. Бүгін Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда көтерілген саяси салмағы бар реформаларға қатысты ұсыныстарға Әлихан Байменов осындай пікір білдірді.
Әлихан Байменов, Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:
Парламентті Құрылтай деп атау біздің ұлттық ерекшелігімізді көрсете отыра әр депутатқа меніңше қосымша жауапкершілік, қосымша салмақ жүктейтін шешім. Вице-президент лауазымының енгізілуі бұлда ең жоғарғы лауазымдардың ішіндегі бір шешуші лауазымның бірі. Бұл сөзсіз біздің саяси жүйенің орнықтылығын қамтамасыз ететін, қазіргі құбылмалы халықаралық қатынастар күйзеліске ұшыраған заманда біздің мемлекеттігімізді нығайтуға бағытталған ұсыныстар.
Халық кеңесі заң әзірлеп, Парламентке ұсыну құқығына ие болуы мүмкін
Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин халық кеңесін құруға қатысты ұсынысқа пікір білдірді. Депутаттың айтуынша, бұл құрылымның да құзіреті кең болады. Олар жаңа заңға бастама көтеру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Заң шығармайды заңға бастама көтере алады заңға ұсыныс бере алады жаңа заң жасақтап Парламентке жібере алады деген сөз. Қазіргі қолданыстағы Конституция бойынша заңға бастама жасауға Президент, Парламент, Үкімет еді ғой. Енді қазір мына жаңа орган заңды әзірлеуге құқығы бар да менің түсінігімде заңды әзірлеп Парламентке жібере алады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00