Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беріледі
Ұлттық құрылтайда Президент Шымкенттегі Нұрай Серікбай есімді бойжеткеннің қазасы бүкіл елді дүрліктіргенін айтты. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды. Бас прокурор істі мұқият тексереді. Мемлекет басшысы қыз алып қашу адам ұрлығымен пара-пар өрескел, жабайы қылмыс екеніне назар аударып, ондай қатігездікке жол беруге болмайтынын ескертті.
Шынар Оразова, Шымкент қаласының тұрғыны:
Соңғы аптада болған жағдай өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан бұл мәселеге өзі уақыт келген сияқты, нүкте қою керек. Әр адамның өмірі ол құнды, бағалы.
Ақниет Аманхан, Шымкент қаласының тұрғыны:
Ол кәдімгі заңмен қадағалану керек, заңмен қудалау керек. Мемлекет басшысы осындайда өзінің пікірін білдіргені қазіргі құзырлы органдардың дұрыс жұмыс атқаруына әсерін тигізеді деп ойлаймын. Осының салдарынан тағы да көптеген қыздардың өмірін арашалап қалады.
Полиция бастығы мен оның орынбасары қызметінен босатылды
Президент сынынан соң Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға ішкі істер органдарынан шығарылды. Қылмыстық іс аясында барлық мән-жай жан-жақты тексеріледі. Ведомство адам өлтіру фактісімен қылмыстық істің тергелу барысын бақылауына алған. Тергеудің объективті әрі толық жүргізілуі үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15