Үкімет көмірмен электр энергиясын өндіруді дамытуға арналған Ұлттық жоба әзірлейді
Дәл қазір Астанада Үкімет отырысы басталды. Министрлер кабинеті Президенттің кешегі Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын пысықтайды. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттің нақты мерзімін белгілеп отыр. Соның ішінде наурыз айына дейін орындалуы тиіс тапсырмалар бар.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Үкімет отырысы жаңа ғана басталды. Күн тәртібіне Мемлекет басшысының кеше Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру мәселесі шығарылып отыр. Президент Үкіметке көмірмен электр энергиясын өндіруді дамытуға арналған Ұлттық жоба әзірлеп, оны 20 наурызға дейін қабылдауды тапсырды. Бұл – энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруды және жаңа көмірсутек кен орындарын игеруді жеделдетуді міндеттеді. Қазіргі таңда елімізде көмірсутек қорының едәуір бөлігі толық зерттелмегені айтылып жүр. Президент сондай-ақ кейбір гидротехникалық нысандардың тиімділігін арттыру үшін оларды сенімгерлік басқаруға беру мәселесін шешуді тапсырды. Бұл су және инфрақұрылым саласындағы басқару сапасын жақсартуға бағытталған. Бұдан бөлек, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік маңызы бар салаларда нақты реформаларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Қазір Үкімет мүшелері осы тапсырмаларды орындаудың тетіктерін талқылап жатыр. Министрлер кабинетінің қандай шешім қабылдайтынын отырыс барысында білеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00