Өзбекстанда қолайсыз ауа райы салдарынан газ тапшылығы туындады
Өзбестанда ауа райының суытуына байланысты газ тапшылығы туындады. Былтыр көрші елде 40 млрд текше метрге жуық газ өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 5 %-ға аз.
Қыс басталғалы сұйытылған газ құю стансаларының жұмысына да уақытша шектеу енгізілді. Табиғи газдың қысымы төмендеп кеткендіктен, бірінші кезекте тұрғын үйлер мен бюджеттік нысандарды көгілдір отынмен қамтуға басымдық берілген. Ел билігі биыл жаңа кен орындарын игеру арқылы газ өндірісін тұрақтандыруды жоспарлап отыр. Ал әзірге көгілдір отынсыз қалған кей аумақтарда электр энергиясына жеңілдікті тарифтер енгізу көзделген.
Джурабек Мирзамахмудов, Өзбекстанның энергетика министрі:
Біздің алдымызда жылыту маусымын қиындықсыз өткізу міндеті тұр. Газ желілеріне қосылмаған үйлерге ай сайынғы тұтыну көлеміне қарай жеңілдіктер ұсынылады. Бұл- қуатты тиімді пайдалану, нысандарды электрлендіру процесін жеделдету мақсатында әзірленген жоба.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27