Түркістан облысында 9 ұры ұсталды
Түркістан облысының Келес ауданында мал ұрлығы жиілеп кетті. Барымташылар әсіресе шалғай ауылдардың төрт түлігіне қырғидай тиюде. Жыл басынан ауыр санаттағы 4 қылмыстық іс тіркелген. Ұрлық Ақсу, Шұқырсай, Амангелді елді мекендерінде болған. Бірі қорадағы қойды қолды етсе, енді бірі жайылымнан айдап әкеткен. Тағы бір күдікті малды базарда сатқан жерінен ұсталды. Қазір осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 9 адам қолға түсті. Олардың барлығы сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
Нұрлан Рүстемов, Келес аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
Шұқырсай елді мекені, Амангелді елді мекендерінен үш тұрғыннан, яғни үш бас қойын қорасына заңсыз кіру арқылы екі топ күдіктілер анықталды. Біріншісі төрт адамнан құралған, екіншісі үш адамнан құралған күдіктілер. Қазіргі таңда тергеп тексерулер жүргізілуде.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02