Шымкенттен 1 күнде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасты. Сенбілік Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт» шағын ауданында өтті. Шараға «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары мен қала тұрғындары белсене атсалысты. 70-ке жуық адам халық көп шоғырланған қоғамдық орын мен көшелерді тұрмыстық қалдықтан тазартып, аумақты ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жоба басталғалы бері 90-рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 5 мыңға жуық азамат атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Қала тұрғындарының да кейбір ұсыныс тілектерін ескеріп, тазартатын аумақтарды тазартып жатырмыз. Форматымызды өзгертіп жатырмыз, яғни кейбір жерде тал егеміз, кейбір жерде қар тазалаймыз. Бүгін жапырақ тазалап жатырмыз дегендей. Тек қана біз мұнымен ғана айналыспай, біз қала тұрғындарын және қонақтарын осы қаламызды таза ұстауға шақырамыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02