Н.Серікбайдың өлімі: Полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасынанан кейін полиция қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, іс тіркелген күні бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылды. Атап айтқанда, тәртіптік комиссияның шешімімен Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы, оның орынбасары, қалалық Полиция басқармасының жетекшісі қызметтен босатылды. Сондай-ақ мән-жайды біле тұра қылмыстық іс қозғамай, кейінге қалдырған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Нұрай Серікбай есімді бойжеткенді танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, қашып кетті.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04