Президент логистиканы дамытудың басым бағыттарын атады
Қазақстанның орасан зор транзиттік әлеуеті бар. Алайда осы әлеуетті толық пайдалану үшін қыруар шаруа атқару керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент логистика саласын дамыту үшін біраз жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Вокзалдар, теңіз және әуе және құрғақ порттар жаңғыртылды. Автокөлік жолдарына да ерекше назар аударылған. Мәселен, биыл Қызылорда мен Жезқазған арасын жалғайтын 400 шақырымдық бағыт іске қосылады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының «Қызылорда – Ақтөбе» аралығында төрт жолақты күре жол салына бастайды.
- Өзіміздің ішкі нарықтағы тасымалдарды, дәліздерді жақсарту деген жоспарларды Президентіміз алдымызға мақсат қойып берді. Осыларды біз дамыта білсек, мемлекетіміз одан әрі дамиды деп ойлаймын.- Президентіміз логистика мәселесін дамытуды айтты. Соған байланысты логистика бізге сауданың ұлғаюына, өсуіне алып келеді. Және өндіріс орындарының ашылуына ықпал етеді.- Логистиканы дамыту маңызды. Себебі сол логистика арқылы сауда жолдары, барлығы бірге жүреді. Логистика дамыса, экономика дамиды.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02